3 сәуір 2015 жыл
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мектеп оқушылары арасындағы аудандық көркемөнерпаздар байқауы
Тақырыбы: Ерлік -елге мұра, ұрпаққа ұран
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен еңбегін паш ету; Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, ардагерлерге құрмет көрсету; Жерлесіміз Қайырғали Смағұлов атаны т.б. соғыс ардагерлерін еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі-өнеге тұту
Жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу; ерлік пен батылдық туралы түсінік беру;
Оқушылардың рухани және өнерпаздық талғамын қалыптастыру
Міндеті: Оқушылар шығармашылығының көркемдік дәрежесін өсіру, көркемөнерпаздыққа кеңінен баулу,
Көрнекілігі: "Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс" тақырыбында көрме, суретті баннер, нақыл сөздер, бейнероликтер, слайдшоулар, ҰОС ардагерлерінің портреттері
Бағдарламасы:
- Күй "Бейбітшілік" Орындайтын: домбырашылар ансамблі
- Күй "Мереке" Орындайтын: домбырашылар ансамблі
- Ән "Темная ночь" Орындайтын: Нұрсая Қайралиева
- Қайырғали Смағұловқа тоқталу. Көрініс “Қазақ солдаты ” романынан үзінді.
- Ән "Кестелі орамал" Орындайтын: квартет
- Би "Смуглянка" Орындайтын: бишілер тобы
- Ән "Соғыстан қайтқан солдаттар" Орындайтын: трио
- Көркем сөз “Дариға, жүрек” дастанынан үзінді. Оқитын: Н.Мирамбаев
- "Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс" көрме
- Күй "Шаттанамын" Орындайтын: Эльвира Хасанова
- Ән "Батыр Бауыржан" Орындайтын: Бақытжан Манапов
- Хор " Бейбіт күн тілегі"
- Хор “Егемен елім”
- Қорытынды.
Фанфар ойналады.
1-жүргізуші (Ғайнижамал): Армысыздар, Тәуелсіз еліміздің өрендері, Егеменді еліміздің жалынды да, жігерлі жастары!
2-жүргізуші (Шапағат): "Елім, жерім" деп қан төккен майдангерлердің ұрпақтары! Бүгінгі мектебімізде өткізгелі отырған "Ерлік -елге мұра, ұрпаққа ұран" атты аудандық көркемөнерпаздар байқауына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған аудандық көркемөнерпаздар байқауына дайындаған әдеби-сазды бағдарламамызды бастаймыз
1-жүргізуші: Жеңіс – деген өтеуі жас ғұмырдың ,
Жеңіс деген – бейбіт күнім бүгінім.
Жеңіс тойын жақындатып әкелген –
Төккен қаны әке, аға, інінің.
2-жүргізуші: ЖЕҢІС! Қысқа және сыйымды "Жеңіс" сөзінде, майданға кеткен біздің миллиондаған Отандастарымыздың батырлығы мен жанқиярлығы да бар
1-жүргізуші: Жеңіс күні!
2-жүргізуші: Ол қалай келді?
1-жүргізуші: 1945 жылдың 30 сәуірінде рейхстаг үстінде Рақымжан Қошқарбаев тіккен жеңіс туы желбіреді.
2-жүргізуші: 8-мамыр Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, шартқа қол қойды.
1-жүргізуші: 1945 жылдың 9 мамыр күні бұрын соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды.
2-жүргізуші: Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.
1-жүргізуші: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болсадағы қай ғасырдың қай күні
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
2-жүргізуші: Бүгінгі жеңіс күні қарсаңында қан майданда ерлігімен, еңбегімен елімізге бейбіт өмір сыйлаған аталарымыздың рухына бас иіп, еске аламыз.
(1 минут үнсіздік, еске алу).
1-жүргізуші: Халқымыз үшін зор шығынмен келген Жеңістің қадір-қасиеті майдангерлердің де, соғыс қасіретін бала болып тартып есейген біздің әкелеріміздің де, кейінгі ұрпақтың да жадында. Ерен ерлік пен өлшеусіз еңбектің арқасында қолымыз жеткен “Бейбітшілік” 45-жылдың көктемінде сақталып қалды.
Бейнебаян жіберіледі
" Қазақстандықтар Ұлы
Отан соғысында"
|
2-жүргізуші: Күй “Бейбітшілік” (1)
Жалғас Назаров
Орындайтын: домбырашылар ансамблі
1-жүргізуші: Осы орындауда күй "Мереке" (2)
Сейілхан Құсайынов
2-жүргізуші: Жау келгенде қолға қару алып дұшпанға қарсы шыққан, бейбіт өмірмен қауышқанда қираған шаруашылықты қалпына келтіруге ғұмырларын арнаған ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне біз мәңгі қарыздармыз.
Бейнебаян жіберіледі
"1941 жыл. 22 маусым"
|
1-жүргізуші:. Ән "Темная ночь" (3)
Сөзі: Владимир Агатов
Әні: Никита Богословский.
Орындайтын: Нұрсая Қайралиева
2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысы 1418 күнге созылды. Ажал оғын шашқан аждаһадай айбарлы жаумен айқасу үшін Атырау өлкесінен 40 мыңнан астам жерлесіміз соғысқа аттанса, 13 мыңнан астам жауынгер майдан алаңында қаза тапқан.
1-жүргізуші: Исатай ауданынан 1600дей жерлесіміз майданға аттанып, 1200і майданда қаза болған
2-жүргізуші: Атырау облысында 4 майдангер “Даңқ” орденінің толықтай үш дәрежесін иеленген
1-жүргізуші: Атырау облысында 9 майдангер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді
2-жүргізуші: 1 қазақ қызы “Халық қаһарманы” атағын иеленді.
1-жүргізуші: 70 жыл бұрын мыңдаған кеңес әскері шағын балықшы ауылының жағалауында қайықтарынан түсіп жатты. Суық өткір жел өңмендерінен өтіп, құлақ тұндырар зеңбіректердің зор даусымен жауынгерлер айқасқа ұмтылуда. Солардың арасында 24 жасар қазақ солдаты Қайырғали СМАҒҰЛОВ та болды.
Бейнебаян. Қайырғали Смағұлов - 1 минут
2- жүргізуші: Сахналық қойылым: Ғабит Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" романынан үзінді. (4)
1-жүргізуші: Сұрапыл соғыс кезінде өлім мен өмір белдескен, түтеген оқ боранның ортасында қаншама мігірсіз, ұйқысыз кірпік ілмей, дамылсыз өткерген қиян-кескі ұрысты күндер мен түндерді бастан кешкен батыр ағамыздың өнегелі өмірінен қаншама сыр шертіп айтсақ та артық болмас еді.
Бейнебаян.Соғыс ардагері, жерлесіміз Сүндетқали Қапанов туралы үзік сыр
1-жүргізуші: Біріктіріп үміті мен тілегін ,
Біріктіріп барлық күшін, жігерін,
Ана үшін, бала үшін, жар үшін
Жасқанбастан тосты оққа жігерін.
Ән "Кестелі орамал" (5)
Сөзі: Асқар Лекеров
Әні: Мұқан Төлебаев
Орындайтын: квартет
2-жүргізуші: Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда ,
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.
Бейнебаян. Тыл ардагері Нәзира Есенгенжинамен сұхбат. 1 минут
1- жүргізуші: “Смуглянка” әніне қойылған би. (6)
Орындайтын: бишілер тобы
1-жүргізуші: Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болады. Отанымыздың даңқы – ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Біз оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз. Қарттарды, майдангерлерді қадірлейік! Олардың есімі ел есінде мәңгі сақталады. Ұмытылмас тұлғалардың бейнесі біздің көкейімізді ұялап, мәңгі қала бермек.
2-жүргізуші: Ән: "Соғыстан қайтқан солдаттар" (7)
Сөзі : Сырбай Мәуленов
Бейнебаян жіберіледі
К/ф "Летят журавли"
|
Әні: Әбілхатич
Орындайтын: трио
1-жүргізуші: Көркем сөз. (8)
Мұқағали Мақатаевтың “Дариға жүрек” дастанынан үзінді.
Оқитын: Нұрберген Мирамбаев
"Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс" көрме таныстырылады (9)
Өлкетану үйірмесінің жұмысын қорғаған үйірме мүшесі Құралай Әліпмұратова
2-жүргізуші: Биыл біз жеңістің 70 - жылдығын тойлаймыз. Елімізді ұлы жеңіске жеткізген, біздерге тыныштық өмір сыйлаған осындай аға-апаларымызды ешқашан ұмытпаймыз!
1-жүргізуші: Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.
Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін
Ардагерлер – естелігі соғыстың.
2- жүргізуші: Күй " Шаттанамын" (10)
Айтқали Жайымов
Орындайтын: Аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпазы Эльвира Хасанова
Бейнебаян."Бейбіт күн тілегі" - Бастауыш сынып оқушылары сәлемдемесі
1-жүргізуші: Ән. "Батыр Бауыржан" (11)
Сөзі мен әнін жазған мектебіміздің саз пәнінің мұғалімі: Гүлайнаш Ахметқалиқызы
Орындайтын:Аудандық I-ші Бауыржан оқуларының жеңімпазы Бақытжан Манапов
Бейнебаян. "Бауыржанның өз дауысы" 40 секунд
1-жүргізуші: Хор: "Бейбіт күн тілегі" (12)
Әні: Шәмші Қалдаяқов
Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов
Жеке дауыста: Нұрсая Қайралиева
2-жүргізуші: “Егемен елім" (13)
Әнін жазған: Қайрат Жүнісов
1-жүргізуші:
Болмасын соғыс, болмасын,
Жармасын ешкім бомбасын.
Оқ болып ұшып қорғасын,
Тіршілік гүлі солмасын!
2 жүргізуші:
Болмасын соғыс, болмасын,
Әлемді бақыт торласын.
Ақ қанат кептер жаһанға,
Тыныштық жолын жолдасын!
1-жүргізуші: Ұлы көшке сенген күн,
Фашистерді женген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн — деп ақын Қадыр Мырзәлі жырлағандай аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл.
2-жүргізуші Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде — 70 жыл.
1-жүргізуші: Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Екеуі бірге: Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер Ұлы Отаным — қазақ елім.
1-жүргізуші:
Ұлы Жеңістың 70 жылдығына арналған аудандық көркемөнерпаздар байқауына дайындаған "Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран" тақырыбындағы әдеби-сазды бағдарламамызды аяқтаймыз.
|