Былтырғы оқу жылында оқушылар арасындағы аудандық ғылыми жобалар байқауына қатысып, ағылшын тілінде өз зерттеу жұмысын ұсынған 10 сынып оқушысы Тұрғалиева Әнсара жүлделі орын алып, облысқа жолдама алған болатын. Биылғы Облыстық ғылыми жобаға іріктеуден өтіп, 6 желтоқсан күні облыстық қорғау жұмысында өз еңбегін сәтті қорғап, пән бойынша тест тапсырып, оқушылар арасындағы республикалық ғылыми жобалар байқауына жолдама алды. Республикалық жоба көктем айларында өтеді деп күтілуде. Еңбегінің жемісін көріп, өз зерттеу жұмысының өзектілігін дәлеледеп жүрген шәкіртіме республикалық додада сәттілік тілеп, ЖОО-ның грант иегері атануына шын жүректен тілектестігімді білдіремін.