$АПТА$, $КҮН$, $УАҚЫТ$
Қош келдіңіз! $Қонақ$ | RSS

 І  З  Д  Е  Н  І  С


 САУАЛНАМА
Оцените мой сайт
Всего ответов: 3
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Блог

Главная » 2016 » Апрель » 11 » Ақынын ұлықтады
12:36
Ақынын ұлықтады

Ақынын ұлықтады

            Туған  жерінің жыр сүйер  қауымы көзінің тірісінде-ақ “Нарынның  наркескені”  деп атаған, қайда жүрсе де  қолынан қаламын тастамаған, тіршілікті жыр-дестелерімен кестелеген  Нұралы ақын өмірден өтсе де,  артында қалған шығармалары оқырманын әлі де  сусындатып келеді. Тағдырдың талай сынына  тап келсе де, поэзияға деген адалдығынан бір сәтте айнымаған талант иесі биылғы жылы арамызда болса  75 жылдығын тойлаған болар едік. Оқушы шығармашылығын  дамыту, талантты және дарынды оқушыларды тану,  көркем шығармашылықты насихаттау мақсатында “Жырым менің жанарым- елге қарар”  атты  поэзия кеші өтті. Поэзия әлемінде өзіндік орны бар  Нұралы жырлары  кейінгі  ұрпақтың жадында  екендігі ақынға  арналған кештен анық  байқалды.

            Жыр сүйер  жас өрендер ақынды өз көзімен  көрмесе  де, Атырау топырағында Нұралыдай   өр мінезді, жүректі тербейтін сырлы өлеңдері  бар ақын өткенін біледі. Ақынның отты жырлары жетерлік. Кеш барысында оқушылар ақын өлеңдерін шабыттана оқып, көңілді сергітті. Поэзияға жаны құмар  шәкірттер ақынның жырларын оқумен шектелген жоқ. 2009 жылы  ақынның 70 жылдығына арналған  аудандық  “Нарынның наркескені -  Нұралы ақын”  атты жас  ақындар  айтысында “Бас жүлде”  иеленген,  Республикалық жыр мүшайрасының жеңімпаздары  Тілеген Әлидің “Нұралыға  арнау”,  Хамидолла  Абылайдың  “Нұралы ақын”  сынды  балауса жырлары  көпшіліктің  көңілінен шығып, жас өрендердің поэзияға деген  құлшыныныстарын арттырды. Ақынның туғанына 75 жыл толуына орай  ұйымдастырылған  облыстық деңгейде өткен ақындар айтысында жүлделі II орын  иеленген Панабердиев Аманкелдіні кездесу кешіне  шақырып, айтыстан алған әсерімен бөлісіп, бейнежазбалары тамашаланды. Шабыт деген сұңқарға мініп, өзіндік жырларымен  танылып келе жатқан жас айтыскер ақын Аманкелді де ақынға арнаған өлең шумақтарын оқыды. Сыршыл жүрегі өлең деп соққан ақынның туындылары өміршең дүние. Артында жырын жаттаған текті ұрпағы барда Нұралының есімі әр қазақтың  жүрегінде болары  сөзсіз.

Айнұр Дүйсенова

Новобогат орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.        

Просмотров: 407 | Добавил: Айнур | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Сайтқа кіру
 ІЗДЕУ
 Күнтізбе
«  Апрель 2016  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
 Жазбалар мұрағаты