Статистика
Онлайн всего: 1 Гостей: 1 Пользователей: 0
|
Блог
Главная » 2016 » Апрель » 11 » Менің сүйікті сыныбым
23:12 Менің сүйікті сыныбым |
Биылғы 2015-2016 оқу жылынан бастап 8 А сыныбына жетекшілік етіп келемін. Сыныпта 12 оқушы: 6 ұл бала, 6 қыз бала. Сыныптың ұйымшылдығы жоғары, белсенді, қоғамдық шараларға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Соның дәлелі ретінде биылғы оқу жылында да көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Тәуелсіздік күніне орай 5-9 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған “Мәңгілік Ел” интеллектуалды ойынында 8 сынып оқушылары 1 орынға ие болды. Ерекше киім үлгісімен, үй тапсырмасына тыңғылықты дайындық үлгісін көрсеткен оқушыларым өздерін жақсы қырынан көрсетті. Сонымен қатар “Наурыз аруы-2016” байқауында да сыныбымыздың өнерлі аруы Жұлдызға қолдау көрсетіп, қазақтың “Селтеткізер” , “Ұйқыашар” секілді салт-дәстүрін насихаттап, белсенділікті ту қылып, кезекті жеңістеріне қол жеткізді.
Мектепішілік, аудандық пәндік шараларға, сыныптан тыс шараларға, ғылыми-әдістемелік бағыттағы сайыстарға т.б шараларға белсене араласып, мектептің намысын қорғап жүрген жан-жақты белсенді шәкірттерімізден алдағы уақытта да күтер үмітіміз көп...
|
Просмотров: 420 |
Добавил: Айнур
| Рейтинг: 0.0/0 |
|
|