$АПТА$, $КҮН$, $УАҚЫТ$
Қош келдіңіз! $Қонақ$ | RSS

 І  З  Д  Е  Н  І  С


 САУАЛНАМА
Оцените мой сайт
Всего ответов: 3
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Блог

Главная » 2016 » Апрель » 08 » Оқытудың жаңаша бағыты
22:30
Оқытудың жаңаша бағыты

Білім  беру  саласына  енгізіліп  жатқан  көптеген  жаңалықтардың  ішіндегі  өзінің  тиімділігін  дәлелдеген  жобалардың  бірі -   7 модульді  ықпалдастыра  оқыту  бағдарламасы.  Кембридж  университетінің  білім беру  факультеті  мен  Назарбаев  зияткерлік  мектептерінің  бірлесіп әзірлеген    әдістемесін   мектептер тәжірибесіне    деңгейлік  курстан  өткен  әріптестеріміз  енгізуде.  Олар   мұғалімдермен   3 айлық  курста  алған білім, дағдыларымен  бөлісуді  коучингтер мен  тренингтер, шеберлік сағаттары  және  зерттеушілік  сабақтар  арқылы  бөлісуде. Дәстүрлі  оқыту  үдерісін өзгертудегі   олар әкелген  және бір жаңалық – LS сыныпты  зерттеу  тәсілі. Осы тәсіл арқылы сыныптағы  оқытуды жан-жақты зерттеу  мұғалімдердің  кәсіби өсуіне   үлкен  ықпал ететіндігін, сол арқылы  оқушыларды  табысты оқуға  жетелейтіндігін  тәжірибе  дәлелдеуде.

Осы  бағытта мектебімізде  өткен  жоспарлы  «Сын  тұрғысынан   ойлау – дәлелдерді  талдау мен  бағалау»  тақырыбындағы  коучингтен (коуч І деңгей мұғалімі Б. Тулеуова)  соңғы  зерттеу  сабақтарын  бірлестік  мүшелері  болып  өткізіп  көруді  қолға  алдық.  Мектептегі 5 бірлестікте  63  зерттеу  сабағы  өтіледі  деп жоспарланды. Жоспарға сай қазақ,  орыс, ағылшын тілдерін  оқыту  бірлестігі  мүшелері  бұл жолғы  зерттеу  сабақтарымызда   сын  тұрғысынан  ойлауға  үйрететін  «Ойлау  бутерброды», «Дананың  кілттері»,  «Екі  шындық, бір жалған»  тәрізді  әдіс- тәсілдерді  өз тәжірибемізде сынап,  оқушылардың  оқуына  әсерін  бақылауға алынған   3 оқушының  мысалында   зерттедік.

   LS зерттеу  сабақтарында  оқушылар  сыни  тұрғыда  ойлану,  өз пікірін дәлелдей, талдай  білу,   мұғаліммен, сыныптастарымен  емін –еркін  қатынас  жасау  дағдыларын  дамытты. 

Зерттеуге  алынған  сыныппен  өтілген  15 сабақтың қорытындысын  «Ашық  есік» күні формасында  Ғ. Мәсәлімов  мектебіндегі  әріптестермен  бірлескен  оқу  сағатында  жария  еттік.  Бұл бас  қосуда  біз   нәтижелі   3 жұмысымызды, 2 қиындық  келтірген  мәселе мен  1  қызықты  болған  әрекетті  айқындап, алдағы  жұмысымызға  бағдар жасадық.

«Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар, ал өзім істесем    үйреніп аламын» деген шығыс даналығы                                                                                                          бүгінгі  өзгеріс  үстіндегі  мектептегі  оқу мен  оқыту жайына туралап  айтылғандай. Бұның  айқын дәлелі  - деңгейлік  бағдарламалардан  өткен  әріптестеріміздің  тәлімгерлігімен  курстан өтпеген мектеп  мұғалімдерінің   де  7 модульді  ықпалдастырып   оқытуды  тәжірибеге  батыл енгізе бастауы. Бұл ретте  әріптестерім   Ш. Имашева, А.Абуғалиева, Д. Жеткінов, Э. Абилова, А. Хаудина  сияқты жас  ұстаздардың   қызығушылығы  мен  шығармашылық  ізденістері  қуантады.

Оқытудың  бұл технологиясы  бізге  оқушыларымызға  тек  теориялық  білім беріп қана  қоймай, сол  білімді өзі ала білуді, шығармашылық  ойлауды, өзара қарым -  қатынас  мәдениетін де қалыптастыру жолдарын үйретуде.

 

 

Дүйсенова  Айнұр

Новобогат  орта  мектебінің  ағылшын тілі пәні мұғалімі 

14 ақпан 2016

Просмотров: 385 | Добавил: Айнур | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Сайтқа кіру
 ІЗДЕУ
 Күнтізбе
«  Апрель 2016  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
 Жазбалар мұрағаты